20 жыл бойы Ресейде қашып жүрген Қазақстан азаматы елге экстрадицияланды

20 жыл жасырынған Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті 2006 жылы Павлодарда қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталған.

Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған, ал өзі қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған. Осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

"Ол 2025 жылғы қыркүйекте Новосібір облысында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!