20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Полиция қызметкерлері 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Криминал полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады.         

Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандықты ұстады.  

Ер адам 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған. Нәтижесінде 20 жылдан бұл қылмыскер ұсталды.

Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдікті жеке басын анықтау және қажет құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Polisia.kz 

"Ер адам қамауға алынды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр", - деді Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Сұлтанбек Үсіпбеков.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!