Ташкентте ІІО ауласында жігіт көйлегін шешіп, денесін жүзбен кесіп тастаған. Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Оқиғаға қатысты Ташкент ІІББ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Nuz.uz" сілтеме жасап.
24-нен 25 наурызға қараған түні құқық қорғау органдары Чиланзар ауданында бірнеше азамат жанжалдасып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны хабарланды. Оқиға орнына аудандық бөлімнің қызметкерлері жедел жетіп, 35 пен 20 жас аралығындағы жеті азаматты ұстады. Олар хаттама толтыру үшін жақын жердегі бөлімшеге баруы керек болған, бірақ тәртіп бұзушылар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабын орындамай, белсенді түрде қарсылық көрсеткен.
Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекстің 183-бабы ("Ұсақ бұзақылық") және 194-бабы ("Ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындамау") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Келесі күні азаматтар куәлік беруге шақырылды. Олардың бірі бұған дейін де бірнеше рет 277 ("Бұзақылық"), 194 ("Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау"), 183 ("Ұсақ бұзақылық"), 56-бап 1 ("Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдалану"), 185-бап 3 ("Өзбекстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымға тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау") бойынша жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған.
Бұған дейін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған жігіт жейдесін шешіп, іші мен қолын пышақпен кесіп тастаған.
Жігіттің қолындағы жүзі жылдам алынып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген, артынан медициналық мекемеге жеткізілік, сол жақтан үйіне қайтарылған. Дәрігерлер жігітке "іштің алдыңғы қабырғасының кесілген жаралары, сол қолдың білегінің кесілген жарасы" диагнозын қойды.
Енді Ш. А. азаматтың өзіне зиян келтіру туралы ісін аудандық прокуратура тергеп жатыр.
Тағы да оқи отырыңздар: Шәкәрім Құдайбердіұлы және әлем әдебиеті
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!