Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы "Мамский әңгіме" подкастына берген сұхбатында "Мариям" қайырымдылық қорын ашуға не себеп болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізуші негізін қалаған "Мариям" қайырымдылық қоры ЭКҰ арқылы балалы болуға көмектесу үшін құрылған. Ол бедеулік пен белсіздік мәселесі жастар арасында да белең алғанын өзі балалы болуды жоспарлағанда білгенін айтады.
"Екі ұлды дүниеге әкелгеннен кейін анам маған қанша рет "үшінші баланы туып ал, мен жаспын, көмектесемін. Көмектесетін адамдар бар, көмекші қызың бар, әйтеуір жұмыс істеп жүріп, ол бала тез өсіп кетеді" деп айтты. Мен ол кезде іштей қаламадым, кейінірек балам есейгенде қаладым. Ал ұлдарым аяқтанып, енді келесі баланы туу керек еді деп мен кіріскенде, ол табиғи жолмен мүмкін емесін білдім. Ол жас аралығына, аналық жасушаның әлсіздігіне, санының аздығына байланысты. Менен ешкім "сенде неге қыз болмайды немесе маған қыз туып берші" деп ешкім сұраған жоқ. Бұл менің өзімнің қалауым болды. Ол кезде кеш болды, содан мен экстракорпоральді ұрықтандыру орталықтарына бара бастадым, ол жақтан мүлде басқа әлем, басқа мәселелердің барын көрдім. "Белсіздік жастар арасында осыншалық белең алған ба?" деп бір жағынан таңғалдым, бір жағынан қорқынышты статистиканы көрдім. 20 жастағы жігіт пен 60 жастағы ер азаматтың "бір бала" деп жылағанын көргенде жүрегің шыдамайды екен. Міне, менің "Мариям" қорымның ашылуы осыдан басталып кетті", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Нүкте қай кезде қойылады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!