"Қазгидромет" жексенбі, 8 желтоқсанда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның көп қаласында көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең Астана, Жезқазған, сондай-ақ Қызылорда, Тараз, Түркістан, Оралда кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Ал ел астанасында ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 11-13 градус аязды көрсетеді.
Алматыда ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус аяз күтіледі.
Шымкентте ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус аязды көрсетеді.
Көкшетауда ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 9-11 аяз.
Қонаевта ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 градус нөлден төмен.
Талдықорған қаласында күн ала бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 3-5 градус аяз.
Түркістан облысының кей жерлерінде қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін, ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз -1, +1°C болады.
Оралда ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз болады.
Атырауда күн бұлтты, ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 1-3 градус аяз.
Ақтауда ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 7-9 градус аяз болады.
Қостанайда ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 10-12 градус аяз болады.
Петропавлда ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 10-12 градус аяз.
Павлодарда түнде қар жауады, ауа температурасы 15-17, күндіз 12-14 нөлден төмен көрсетеді.
Қарағандыда да қар жауып, ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 9-11 градус аязды көрсетеді.
Жезқазғанда ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 8-10 градус аяз болады.
Өскеменде күндіз бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аязды көрсетеді.
Семейде де күн бұлтты, қар жауады, ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 10-12 градус аяз.
Қызылордада ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 5-7 градус аяз болады.
Тараздың кей жерлерінде қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін, ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 градус аяз болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!