- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 20 градусқа дейін...
20 градусқа дейін аяз: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы екі тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, 12 наурыз күні Павлодар және Қарағанды облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. 12-13 наурыз күндері Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл сондай-ақ Алматы облыстарында да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман шөгеді, көктайғақ болады деген болжам бар.
Еліміздің кейбір өңірлерінде түнде ауа температурасы -10-20 градус аяз көрсетсе, күндіз -2-10 аяз болуы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік аймағында түнде термометр бағаны -2-12 градусқа төмендесе, күндіз 6 градус аяз болады деп болжанған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы