2026 жылғы 17-19 қарашада Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал батыста, кейін солтүстік-батыс пен солтүстікте жаңбыр мен қар жаууы, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Massaget.kz.
Атмосфералық жағдай
"Қазгидромет" хабарлағандай, кең ауқымды жоғары қысым аймағы еліміздің шығысына қарай жылжиды. Оның әсерінен Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Алайда антициклонның орнын солтүстік циклонның орны басып, алдағы күндері ауа райы жағдайын нашарлатады.
Жауын-шашын, жел және тұман
Алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша жел күшейеді.
Солтүстік өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аудандарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.
Ауа температурасы
Түнгі уақытта еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмен болады. Қазақстанның орталығында, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аудандарында ауа температурасы −13…−18°С-қа дейін төмендейді.
Күндіз ауа температурасы мына аралықта болады:
Еліміздің батысы мен шығысында күндіз ауа температурасы +5…+10°С-қа дейін, оңтүстік-батысында +10…+15°С-қа дейін, оңтүстігінде +10…+20°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +10…+18°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы −1…+4°С шамасында болады.
О. Сансызбай