- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 20 баланың өліміне...
20 баланың өліміне себеп болған сироптан өнеркәсіпте қолданылатын зат табылды
Өзбекстанда былтыр 20 баланың өліміне себеп болған, жөтел сиропынан өнеркәсіпте қолданылатын пропиленгликоль табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана" телеарнасының мәліметінше, улы дәріні үндістандық "Марион Биотех" компаниясы шығарған. Ол пропиленгликольді техникалық сұйықтық жасайтын компаниядан сатып алғанын мәлімдеді. Бұл сұйықтықты тек өнеркәсіптік мақсатта қолдануға болады.
Яғни сұйық кір жуғыш ұнтақ, антифриз, бояу және басқа токсинді бұйымдарды жасау, тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады.
Улы зат қосылған дәріні ішкен балалар өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Елдің фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бірнеше жоғары шенді қызметкері қамауға алынды.
Тексеріс әлі аяқталған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина