20-21 маусымда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық волонтерлер форумы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер қатысады. Олардың арасында БҰҰ еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов, режиссер, "Мәдени бастамалар" қорының құрылтайшысы Тимур Бекмамбетов; БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур Ван Дизен; Өзбекстан волонтерлер Ассоциациясының басшысы Ширин Абидова; музыкант, "AHBAP ассоциациясының" президенті Халук Левент және т.б. бар. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірінен делегаттар келеді. Жалпы 400-ге жуық адам қатысады деп жоспарланған. Оның 140-ы халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік қатысушылар.
Форумның ашылу салтанаты сағат 11.00-де өтеді. Бағдарламамен толығырақ форумның ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі парақшалардан танысуға болады: ivfkz.org | instagram/international_volunteer_forum | facebook/ International Volunteer Forum - Astana 2023
Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы
Күні: 20 маусым 2023 жыл
Уақыты: 10.00.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!