Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Kizdar.net интернет ресурсын ұйымдастырушылардың қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу мәліметінше, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
"Интернет ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеті ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сараланып, күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында ірі көлемде ақша, цифрлық активтер, компьютерлер және өзге де заттай дәлелдер тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша 2 млрд теңгеден аса мөлшерде заңсыз табыс анықталған. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Қылмыстық іс барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз