• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“2 млрд теңгеден аса бюджет қаражаты қолды болған“. ҚМА тергеу бастады

Фото: Видео кадры

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысына қатысты 2 млрд теңгеден аса бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу ісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

2023-2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінген.

Алайда 2023–2024 жылдары сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар ұсыну арқылы жабдық құнын үш есе арттырған.

"Бұдан бөлек мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ұсына алатын жабдықтарды көрсеткен", - деп жазылған хабарламада.

ҚМА пікірі

ҚМА мәліметінше, мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6, RAV 4 көліктеріне тыйым салынған.

Сонымен қатар, банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы компания қаражаты бұғатталған.

Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы ұсталып, сот оларды 2 айға қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget