Атырау облысы Махамбет аудандық соты үш баласына алимент төлемей жүрген азаматты қамауға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Махамбет аудандық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның алимент бойынша 2 миллион теңгеден астам қарызы жиналып қалған.
"Соттың 2022 жылғы 18 наурыздағы сот бұйрығына сәйкес, борышкерден кәмелетке толмаған үш баласын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тең жартысы мөлшерінде алимент өндірілген. Алайда ол сот бұйрығын орындамай, алимент төлемеген. Соның салдарынан оның алимент бойынша берешегі 2 млн 75 мың 862 теңгені құраған. Сот отырысы барысында алимент боынша берешегі бар әке кінәсін мойындады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!