2 миллион теңге қарызы бар көлік айып тұрағына қойылды

2 миллион теңге қарызы бар көлік айып тұрағына қойылды
Фото: Алматы облысы Мемлекеттік кірістер комитеті

2 миллион теңгеге жуық қарызы бар көлік айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер органдары 1 895 737 теңге қарызы бар TOYOTA LAND CRUISER 200 маркалы көлігін айып тұрағына қойды.

Биыл жыл басынан бастап Алматы облысында 2 112 рейд жүргізіліп, оның нәтижесінде жеке тұлғалар 1 747,9 млн теңге көлемінде салық төледі, сонымен қатар, қарызы бар 12 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Комитет бұған дейінгі нәтижелер туралы да есеп берді:

  • 2023 жылы жеке тұлғалардың көлікке салынған салық бойынша 545 375 автокөлікке, 328 461 жеке тұлғаға жалпы сомасы 8,8 млрд теңге салық есептелді.

"2022 жылмен салыстырғанда 101 129 автокөлікке, 42 640 жеке тұлғаға 2,9 млрд теңгеге өсу қарқыны байқалады", - деді комитет өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда төленбеген 37 айыппұлы бар көлік айып тұрағына қойылғаны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова