“2 миллион теңге“. Әнші Жұлдыз Өмірғали тойдағы көйлегі мен неке жүзігінің бағасын айтты

“2 миллион теңге“. Әнші Жұлдыз Өмірғали тойдағы көйлегі мен неке жүзігінің бағасын айтты
Фото: YouTube видеодан скриншот

Жақында үйлену тойын жасаған Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің тойдағы образының құны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы Revue News бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді. 

"Тойға екі көйлек кидім. Менің идеямды қолдаған "Аруназ" сән үйіне алғыс білдіремін. Назым Карпыкова ойымдағы екі көйлекті де тігіп берді. Көйлектің жиегіне Айқынның әндерінің сөздерін жаздым. Екеуінің де бағасы арзан емес, шамамен 2 миллион теңгеден асады", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Қалыңдықтың айтуынша, неке жүзігінің де бағасы қымбат екен. Себебі арнайы гауһартастары бар. 

"Неке жүзігін де арнайы гауһартастарымен таңдадым. Осыдан 9 жыл бұрын да неке жүзігін тақтым ғой. Қасына бүгінгі тойда тағылған жүзікті қосып тағып алдым. Жүзіктің бағасы 600 мың теңге”, - деді ол. 

Жұлдыз Өмірғали ғана емес, күйеуі Айқын Төлепберген тойға ерекше дайындалыпты. 

"Тойға киген киімдерімді дизайнер Аида Кауменова дайындады. Өзіме қатты ұнады. Әдетте күйеу жігіттер кие бермейтін ерекше образ болды. Дизайнер қызыл түсті ұсынды. Арада көп уақыт өтсе де, Жұлдызға берген уәдемді орындадым. Алғашқы отбасымды да тастамаймын. Үлкен ұлым қасымда отырды. Той қонағы Алексей Чумаков. Оған арнап екеуміз ән айтамыз”, - деді Айқын той үстінде түсірілген видеода.

Айта кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тоғыз жылдан кейін әуелі "Астарлы ақиқат" бағдарламасының студиясында, кейін достарын шақырып, үйлену тойын жасаған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева