- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2 мамырдан бастап...
2 мамырдан бастап балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады
Биыл 26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтініш қабылдау басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде пайдаланушыларға қосымша мүмкіндік пен ыңғайлы жағдай ұсынатын www.damubala.kz атты жаңа ақпараттық жүйеге көшу аяқталды.
2023 жылғы 3 наурыздан бастап Алматы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық және мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру үшін өкілеттікті аудан әкімдіктеріне берді. Мемлекеттік тапсырысты үйлестіруді аудандарға беру бағдарламаны іске асыру кезіндегі көптеген кемшілікті алдын алады. Мысалы, тегін секциялар мен үйірмелерді тіркеу және дұрыс көрсетпеу фактілері кездесті.
"26 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап операторлар бағдарламада бұрын жұмыс істегендер мен жаңадан қосылушылар үшін жеткізушілердің жұмысына кәсіпкерлерден өтінім тіркеуді бастайды. 2 мамырда сағат 18:00-ден бастап ата-аналар порталдағы үйірмелер мен секцияларға қатысу үшін балаларын тіркей алады", - делінген хабарламада.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының 12-тармағына сәйкес, өтініш қарау және ваучерлерді бөлу оператордың биылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.
Анықтама үшін қосымша байланыстар:
- Алматы спорт басқармасы: 2924167;
- Алматы мәдениет басқармасы: 2720317;
- Алатау ауданы әкімінің аппараты: 2998649;
- Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 2725698;
- Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 3032558;
- Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 2755068;
- Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 3842760;
- Медеу ауданы әкімінің аппараты: 2916494;
- Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 3074553;
- Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 2231115;
- DamuBala платформасын әзірлеуші: +77750075920.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан