2 қарашада ауа райы қандай болады?

2 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Дүйсенбіде еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Солтүстік пен оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта кей жерлерді тұман басады.

Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында ауа температурасы 1-8 градусқа дейін күн суып, үсік жүруі мүмкін.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарының бірқатар аумағында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Ал Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget