- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы
2 қаңтарда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер 2 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көкшетау қаласында 2 қаңтарда бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
2 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 2 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с.
Өскемен қаласында 2 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Семей қаласында 2 қаңтарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
2 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында 2 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Астана қаласында 2 қаңтарда қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 25 м/с.
2 қаңтарда түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Ақтөбе қаласында 2 қаңтарда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
2 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Қызылорда қаласында 2 қаңтарда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.
2 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
2 қаңтарда түнде Ұлытау облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазған қаласында 2 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
2 қаңтарда Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман. 3 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 1 қаңтарда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, 2-3 қаңтарда күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағанды қаласында 2 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, тұман. 3 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 2-3 қаңтарда күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина