- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "2 жылға қамайды...
"2 жылға қамайды деп ойладым". Shiza Алматыда жұрт шулаған оқиға туралы айтты
Shiza лақап атымен белгілі әнші Асхат Жолшиев 25 мамырда Алматыдағы концертте туға қатысты болған дау туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол режиссер Қанат Бейсекеевтің YouTube-арнасындағы подкастында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Рэп орындаушы ең алдымен оқиға қалай болғанын түсіндірді.
"Рақмет, Алматы" деп енді сөйлеп жатқан кезде "ИК-ның" "Интросы" басталып кетті де олар шығып бара жатқандықтан, адамдармен онша емес қоштасып кеттім. Грим жасайтын бөлмеге кіріп "іштім". Шықпаймын деп ойладым. Олар 50 минуттай өнер көрсетті, сол кезде мас болып қалған сияқтымын", - дейді әнші.
Сонымен қатар, Shiza туды неліктен "лақтырып" жібергенін түсіндірді.
"Ту осы сәттен, осы концерттен біреуге естелік болып, біреуге қымбат болып қалсын деп 1-2 сөз айтып, адамдарға бердім. Бастапқыда залға беремін деп ойладым былай (сұхбатта көрсетті). Жігіттер тоқтатты, артық кетемін деп ойлады. Түсінбей қалды. Ертесіне тұрсам трендте жүрміз", - дейді ол.
Әнші бұл оқиғадан кейін қандай күйде болғанын айтты.
С. Сатыбалдина"Мен үйдегілерді уайымдадым. Олар теледидардан "Асхат Жолшиев Көк туды қорлады, таптады" деп көрген ғой. Өзім 3-4 күн депрессия, күйзелісте болдым. Екі жылға қамауға алады деп ойладым, сондай әңгіме естідім. Прокуратураға 500 арыз түскен", - дейді Shiza.