- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2 жыл бұрын...
2 жыл бұрын ток соққан: әлемде алғаш рет адам көзіне трансплантация жасалды
Әлемде алғаш рет адам көзіне трансплантация жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Операцияны Нью-Йорк емханасының хирургтері жасаған. Науқастың көру қабілеті әзірге қалпына келмесе де, дәрігерлер бұл медицинадағы үлкен жаңалық екенін жеткізді. 21 сағатқа созылған операцияға 140-тан аса хирург қатысқан. Науқас әлі де біраз бақылауда болады. Ол осыдан 2 жыл бұрын 7200 вольттық тоққа түсіп, сол жақ бетіне, мұрын, ауыз, сол көзі мен қолына үлкен зақым келген екен.
"Көз трансплантациясының өзі - алға жасалған үлкен қадам. Бұл ғасырлар бойы адамзат ойында болғанымен, осы уақытқа дейін орындалмай келген іс болатын. Көз алмасын алмастыру арқылы көру қабілеті қалпына келмесе де, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады", - дейді хирург Эдуардо Родригес.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова