5 наурызда танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастырған “QUEEN” шоуы өтті. Онда қазақстандық әншілердің біршамасы өнер көрсетті. Олардың арасында танымал әнші Мөлдір Әуелбекова да бар. Өнер иесі ерекше образымен оқырмандарын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, биіктікте тұрып өнер көрсету оңай болмаған.
"2 жіпке ілініп, қорқыныш пен ыңғайсыздықта жанды дауыста ән айту оңай болмады", - деп жазған ол.
Әншінің киім үлгісіне оқырмандары тәнті болып, түрлі пікір қалдырды.
"Мөлдір әрдайым керемет!", "Керемет", "Браво", "Қандай әдемісіз", - деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін "Ешкім тұрмайды". Мөлдір Әуелбекова 80 млн теңгеге шыққан 7 жасар ұлының пәтерін көрсеткені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гаструла және нейрула деген не?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!