- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "2 жасында бір...
"2 жасында бір отбасы асырап алған". Анасы босанғаннан кейін бас тартқан егіз ұлдың бірі сыңарын іздейді
Белгілі журналист, "Бармысың бауырым?" бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан өмірге келгенінен 2 аптадан кейін анасы бас тартқан егіздер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егіздің сыңарын 2 жасында бір отбасы асырап алған көрінеді, енді екіншісі бауырын іздеп жатыр.
"Омарова Дина Амангельдиновна (1971.01.01 жылы туған) 1991 жылы қараша айында Аягөздегі перзентханада егіз ұл босанады. Екі аптадан кейін Дина егіздерінен бас тартады. Егіздің сыңарын (видеода) 2 жасында бір отбасы асырап алған, екіншісі сәбилер үйінде қалған. Омаров Рустам енді сыңарын іздейді…", - деп жазған белгілі журналист.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Бөлменің ауданын қалай есептейді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә