Синоптиктер елдің кей өңірінде 2 градусқа дейін үсік болатынын, ал кей өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні cекундына 15-20 метрге жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр. Түнде облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жөғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күннің соңында найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!