- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "2 баласы бар,...
"2 баласы бар, жалғызбасты ана". Алматыда адамдарды қағып кеткен автобус жүргізушісі туралы не белгілі
Бүгін Алматыда №47 бағыттағы автобус адамдарды қағып кетті. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза болып, зардап шеккен тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Полиция мәліметінше, автобус жолаушысы жүргізушіні ұрған, жүргізуші сол жерде талып қалған. Massaget.kz тілшісі автобус жүргізушісінің әкесімен сұхбаттасты.
Ермек Шүкібаева 10 жылдан бері жүргізуші болып қызмет етеді. Ол - жалғызбасты ана, 2 баласы бар. Қазір әйел ауруханада.
"Жолаушы ұрып талдырған ғой. Сол кезде басқа жолаушы барып итерген. Ұрған адам есінен танып, өз бетімен кете берген. Қызым 10 жылдан бері жүргізуші болып істейді, троллейбус айдады, кейін автобусқа көшті. 2 баласы бар, жалғызбасты ана. Қызым қазір ауруханада, кіргізбейді. Камерадан нақты ұрғанын көрдім", - дейді жүргізушінің әкесі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан 3 адам мерт болғаны хабарланған еді.
Алматы полиция департаменті мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Кейін апатынан қанша адам зардеп шеккені белгілі болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек