2 адам қаза болды: полиция майоры бас бостандығынан айырылды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына қатысты полиция майорына үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот 2024 жылғы шілдеде Kia Sportage көлігін басқарған ер адам Ақтөбе-Ақжар тасжолының бойымен шектен тыс жылдамдықпен (сағатына 121 шақырым) қозғалып, жанама аралықты бұзған. Ақжар-1 ауылында жолдың оң жақ шетінде келе жатқан велосипедші мен оның жолаушысын қағып кеткен.
Оқиғадан кейін сотталушы ішкі істер органдарына хабар бермей, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендердің екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Сот үкімімен сотталушы С. кінәлі деп танылып, оған көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 49-баптың 1-бөлігі негізінде сотталушы полиция майоры арнайы атағынан айырылды", - делінген хабарламада.
Сот сотталушының балалары болуын ескере отырып, мұны жеңілдететін мән-жай деп таныды, ал ауырлататын фактор - полиция қызметкерінің антты бұзуы.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек