2-8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: Алматыда күн салқындайды

2-8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: Алматыда күн салқындайды
Фото: Көрнекі сурет

Синоптиктердің бір аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, жазғы демалыс аяқталған аптада күн салқындап, күзгі суық басталады. 

Алматыда алдағы апта төмендегідей ауа райы күтіледі. 

Дүйсенбі, 2 қыркүйек, жаңбыр жауады, күндіз +15, түнде +10 градус жылы. 

Сейсенбі, 3 қыркүйек, күн ашық болады, күндіз +30, түнде +12 градус жылы.

Сәрсенбі, 4 қыркүйек, күн ашық, күн +24, түнде +16 градус жылы.

Бейсенбі, 5 қыркүйек, көшпелі бұлтты, күндіз +22, түнде +12 градус жылы.

Жұма, 6 қыркүйек, көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі, күндіз +14, түнде +8 градус жылы.

Сенбі, 7 қыркүйек, күн ашық, күндіз +18, түнде +10 градус жылы.

Жексенбі, 8 қыркүйек, күн ашық болады, күндіз +23, түнде +12 градус жылы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы