Астанада 2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана білім басқармасының мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70 пайызына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады.
"Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты балабақшалар жұмыс істемейтінін хабарлаған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!