Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне су жаңа көлік мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Дәл қазір эмоцияға толы сәт болады. Өйткені мен әкеме кезекті жаңа көлік сыйлаймын. Бұл себепсіз сыйлық. Ал әкем ешнәрсе білмейді, қазір үйге қонаққа шақырдым. Осылай ата-анаңызды себепсіз қуанту әрқайсыңызға бұйыра берсін. Есеп бойынша нешінші көлік екенін білмеймін, әйтеуір 2-3 жыл сайын көлік жаңартамыз. Құдайға шүкір", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!