Қазақстан, ТМД және алыс шетел аумағында жұмыс істеген 1WIN онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.
Онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, мыңдаған отандасымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен.
Ақшалай қаражат интернет арқылы тексерімсіз қабылданған, сол себепті тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысқан.
2023 жылы онлайн-казино айналымы шамамен 4 миллард теңге болған.
Тергеу жалғасып жатыр, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ, Mercedes-Maybach S500 және Lamborghini Huracan автокөліктері тәркіленді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.
Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елде онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана көрсетілетінін ескертеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!