Кейінгі күндері әлеуметтік желілер мен чаттарда "1980 жылдан кейін дүниеге келгендер мемлекет тарапынан зейнетақы алмайды" деген ақпарат тарап жүр. Тараған мәлімдемеде "бұл ақпаратты БЖЗҚ-ның Түркістан облыстық филиалы баспасөз жиынында мәлім болды" делінген. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"1980 жылдан бергіден туылғандар мемлекет тарапынан зейнетақы алмайды", - делінген хабараламада.
"Біріншіден, бұл - ескі видео, 2018 жылы Ontustik арнасында жарияланған. Сол кезде де интернет кеңістікте дәл осылай шу шығып, түсініспеушілік болды. Екіншіден, 1980 жылдан бері дүниеге келгендер жалпы зейнетақы емес, мемлекет тарапынан берілетін ынтымақты (солидарную) зейнетақыны ала алмайды. Себебі 2018 жылғы 1 шілдедегі өзгеріс бойынша, ынтымақты зейнетақыны 1998 жылға дейін кемінде жарты жыл еңбек өтілі бар тұлғалар ғана алады. Ал 1980 жылы туғандар 1998 жылы енді еңбекке араласып, ресми құқыққа ие болды. Яғни бұл - манипуляция", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!