Қытайда тарихтағы ең төмен ауа температурасы тіркелді, - деп хабарлайды Xinhua.
Басылым мәліметінше, Қытай метеорологтары Ресей шекарасына жақын Хэйлунцзян провинциясында орналасқан "Қытайдың Солтүстік полюсі" деп аталатын Мохэ қаласында әдеттегіден төмен температураны тіркеген.
Жергілікті метеостанцияда 22 қаңтарда минус 53 градус деңгейінде төмен температура тіркелген. Бұл 1969 жылғы ұлттық рекордты жаңартқан. Бұрын минус 52,3 градус болған.
Айта кетейік, Мохэде үш күн бойы ауа температурасы минус 50 градус көрсеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!