190 елге барған турист олардың ішіндегі ең қауіптілерін атады

190 елге барған турист олардың ішіндегі ең қауіптілерін атады
Фото: depositphotos.com

Германиялық саяхатшы Лука Пфердменгес 22 жасында 190 елге барып үлгерді. Ол солардың ішіндегі ең қорқынышты бес аймақты атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Dailymail-ге сілтеме жасап.

Лука өміріне нақты қауіп төнген елдер туралы айтып берді.

Луканың айтуынша, Ауғанстан, Папуа-Жаңа Гвинея, Сомали, Йемен (мұнда қару-жарақты бір күнге жалға алуға болады), Чад, Сирия, Орталық Африка Республикасы және Гаити өзі барған ең қауіпті елдерге жатады.

Гаити

"Гаити сияқты жерлерде азап шегу деңгейінің жоғары болғаны соншалық, сіз турист ретінде өзіңізді ыңғайсыз сезіне бастайсыз. Бірақ мен әлемнің барлық еліне барғым келетіндіктен, мұндай жерлерді елемеу мүмкін емес. Бірақ бұл елдер ең қызықты және өнегелі болып табылады", - деп мойындады Лука.

Гаитиде ол көшедегі жергілікті тұрғындардан сұхбат алды.

"Ондағы жағдай жүректі ауыртады. Адамдар ауыз суға қол жеткізе алмайтынын, үнемі тамақ жетіспейтінін, электр қуаты әрдайым дерлік сөніп қалатынын айтты. Порт-О-Пренсте көліктер кірмейтін аудандар бар, себебі олар сол жерде тоналады. Анархия мен қауіпсіздік әрқашан қауіп төндіретін жерлерге бару қиын", - деп атап өтті неміс саяхатшысы.

Лукаға ең қауіпті аймақтарды көруге жергілікті гид көмектескен. Оның айтуынша, кез келген нәрсе болуы мүмкін, бірақ сенімді серікпен тәуекел азаяды.

Ауғанстан

Лука Ауғанстанға 2021 жылы талибандар билікке келгенге дейін алты ай бұрын барды. Ол жергілікті цирк мектебіне балаларды жонглер жасауды үйрету үшін барды - бұл тәуекелге толы сапар.

Кешке неміс саяхатшы мектепте қалуға мәжбүр болды, өйткені сыртқа шығу өте қауіпті болған.

Бір күні түнде ол оқ атылғанын естіді. Жаттықтырушылар олар тұрған көшеде атыс басталғанын растады және барлығына бәрі реттелгенше орнында қалуға кеңес берді. Атыс тез тоқтады, бірақ терең әсер қалдырды.

"Екі күннен кейін біз саябаққа барғымыз келді, бірақ саябақ бомбаланғандықтан, таңертең жоспарды өзгертуге тура келді", - деп қорытындылады Лука Ауғанстандағы саяхаты туралы.

Папуа-Жаңа Гвинея

Папуа-Жаңа Гвинеяда Лука қауіпті аймаққа тап болған. Полиция араласып, оны құтқарып қалған. Ол Порт-Морсбиде болып, әдеттегідей жаяу жүріп қайтқысы келген. Алайда ол қауіпті аудандардың біріне бара жатқанын полиция джипі байқап қалған. Офицер оған бармағаныңыз жөн деп ескертіп, көлікке отыруды ұсынған.

Лука келісіп, ол жаяу барғысы келген қала маңынан өтіп бара жатып, көліктің тоналғанына куә болады. Қарақшылар машиналарды тоқтатып, ақша, телефондарды және тіпті көліктің өзін талап кетеді екен, бұл - Порт Морсби үшін әдеттегі нәрсе. Полиция жүргізушісі абдырап қалмады: ол мылтықты суырып алып, есікті ашып, ауаға бірнеше ескерту оқ жаудырды.

"Сол кезде мен полиция джипінде отырып, өзімді жау сияқты сезіндім. Менің фитнес-трекерім сол аптадағы ең жоғары жүрек соғу жиілігін тіркеді. Жүргізуші ештеңе болмағандай көлікке оралды. Порт-Морсбидегі күнделікті өмір - бұл мен үшін қорқынышты тәжірибе болды", - деп бөлісті Лука.

Француз Гвианасы

Француз Гвианасында Лукаға ер адам шабуыл жасаған.

"Ол күні жексенбі еді, ол менің артымнан айқайлап жүгірді. Менде ауыр рюкзак болды", - деді ол.

Шабуылдаушы оның мойнынан ұстап, екі еуро талап еткен.

Лука ақшаны қуана берер еді, бірақ оның еуросы болмады. Ол 10 фунт купюраны тауып, соны берген, бірақ ер адам қатты ашуланған. Осы кезде кафе иесі не болып жатқанын байқап, шабуылдаушы ақшаға шағымданып жатқанда, Лука кафеге қарай қашып үлгерген. Кафе иесінің отбасы оны тығып, есікті жауып тастаған. Бұл жағдай Лукаға қатты әсер қалдырған.

Полиция селфиге қарсы

Кейбір елдерде, мысалы, Джибутиде көшеде суретке түсу күтпеген салдарға әкелуі мүмкін. Бірде Джибути-Ситидің орталығында селфи жасаған Лукаға полиция келіп, оның телефонын тексерген. Оған қоса ол телефонды 20 минут бойы қайтармаған. Бастапқыда Лука офицер ақша алғысы келіп тұр деп ойлаған, бірақ полиция қызметкері оған жергілікті ережелерді түсіндіріп, суретке түсуге қатаң тыйым салған.

Еске салайық, бұған дейін 47 елді аралаған қазақстандық саяхаттаудың тиімді 10 жолын ұсынған болатын.

А. Жапатова