Қазгидромет мамандары 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Синоптиктер антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болатынын айтты.
Тек қана батыс пен шығыста атмосфералық фронт әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте тұман, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Түркістан, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыс бағыттан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Алматы қаласында да ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде - 20-22, күндіз 36-38 градус болады.