Мемлекеттік күзет қызметіндегі тараздық жігіт Қазақстанға келген өзге елдердің президенттерін алғашқылардың бірі болып көреді. Бұл туралы танымал мобилограф Қыран Талапбек әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі видео 300 мыңнан аса қаралым жинаған.
"Тараздың қарапайым жігіттері президенттерді қарсы алып жүр", - дейді блогер.
Жігіттің сөзінше, бойы ұзын болуы мемлекеттік күзет қызметіне таңдалуына сеп болған.
"Бойым ұзын болғандықтан, әскери борышымды өтейін деп келіп отырмын. Мектеп бітірдім, әскерге баруым керек болдым. Шақырылдым. Сосын мені мемлекеттік күзет қызметіне таңдап алды. Тараз қаласынан (келдім - еск.). 19 президент көрдім", - дейді жігіт.
@kyran_talapbek♬ оригинальный звук - kyran_talapbek
Ол Рим папасын, Қытай Халық Республикасының төрағасын, Өзбекстан, Қырғызстан президенттерін көргенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!