- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "19 миллион теңге"....
"19 миллион теңге". Астанада көшеде түкірген мыңнан аса тұрғынға айыппұл салынды
Қала көшелеріне түкірген мыңнан аса астаналыққа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
1200 астаналықтың төлеген айыппұл мөлшері 19 миллион теңге болған. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті қызметкерлері айтты.
Астана қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқарма басшысы Арман Айтмағамбетовтің айтуынша, көбіне Теміржол вокзалы, ескі вокзалдың ауданында, сонымен қатар, Уәлиханов көшесіндегі "Артем" сауда үйінің маңында тәртіп бұзылады.
Ал қалалық және жеке меншік заттарды көбіне мас адамдар қиратады. Полиция қызметкерлері жыл басынан бері осындай дерек бойынша 24 қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Көбі көлік пен пәтер өртеуге қатысты болған.
"Біріншіден, бұл әрбір азаматтың мінез-құлқына, мәдениетіне, тәрбиесіне байланысты. Екіншіден, бұл негізінен адамдардың мас күйде болатынына байланысты. Бізде бұзақылық деректері тіркелмеді, бірақ бөтеннің жеке мүлкіне зиян келтіру деректерін тіркедік", - деді Астана қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқарма басшысы Арман Айтмағамбетов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек