- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 19 мамыр күні...
19 мамыр күні Алматы облысында таулы аймақтарда жүгіретін Tau Jarys отбасылық фестивалі өтеді
2024 жылдың 19 мамырында "Бірінші болу - батылдық" корпоративтік қорыныңАлматы облысындағы таулы аймақтарда жүгіретін Tau Jarys отбасылық фестивалі үшінші рет өткізілетін болады. Жарысқа шамамен 1300-ге жуық адам қатысады деп күтілуде. Қатысушылар Алматыдан бір сағаттық жерде отбасымен немесе достарымен бірге демалыс күндерін белсенді түрде өткізе алады.
Жарыс Алматы облысындағы "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде өтеді. Іс-шарада қатысушылар мен қонақтар таудың көз жетпес көркін тамашалап қана қоймай, ойын-сауық бағдарламасына қатысып, спорттық жарыстың атмосферасын сезіне алады. Биылғы жылы мынадай қашықтықтар ұсынылған: 2 км (10-14 жас), скандинавиялық жүріс – 6 км (15 жастан жоғары), 6 км және 12 км (15 жастан жоғары).
"Tau Jarys – бұл қордың қоржынындағы тағы бір маңызды оқиға. Біздің іс-шаралар қарапайым жүгіру жарыстарының шеңберінен асып кеткелі біршама уақыт өтті. Біз қатысушыларды Қазақстан табиғатың көркімен, таулардың және ұлан-байтақ дала мен қалалардың сұлу пейзажымен таныстырамыз, бұл әрине, еліміздегі туризмнің дамуына ықпал етеді. Біз жүгіру ұлтты сауықтырып қана қоймай, Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік дамуының қуатты күшіне айналатынына сенеміз", - деп атап өтті "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Сондай-ақ, скандинавиялық жүріс қашықтығының аясында Қазақстанның ашық чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылатынын атап өткен жөн. Жарыста скандинавиялық жүріспен шұғылданатын қатысушылардың арасынан ҚР құрамасына спортшылар іріктелініп, еліміздегі осы спорт түрінің мықтылары Әлем Кубогына қатысуға үміткер атанады.
"Биылғы жылы Tau Jarys бұрынғыдан да ауқымдырақ және қызықты оқиға болады деп күтілуде! Біз өз күшін сынап, позитивті көңіл-күйден қуаттанып, ұмытылмас әсер алғысы келетіндердің барлығын асыға күтеміз, - деп "Бірінші болу – батылдық" корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева өз ойымен бөлісті. – Біздің қордың іс-шаралары тек жетістікке жету дегенді білдірмейді, сонымен қатар адамдардың ортақ құндылықтар мен салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілігімен бірге бөлісе алатын орын екенін атап өткен жөн".
Іс-шараға тіркелу және төлем жасау almaty-marathon.kz сайтында қол жетімді. Қатысу құны 2 км балалар қашықтығы үшін 6 000 KZT, 6 км және 6 км скандинавиялық жүріс үшін 11 000 KZT, 12 км қашықтық үшін 13 000 KZT құрайды.Қосымша ақыға ыңғайлы автобустармен екі жаққа трансфер қарастырылған.
Барлық мәрешілер медаль алады, ал әр қашықтықтағы әйелдер мен ерлер санатындағы жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, марапаттау қағазымен және серіктестердің сыйлықтарымен марапатталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz