- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 19 күн қалды....
19 күн қалды. Салық қызметкерлері қазақстандықтарға ескерту жасады
Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетінін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында есептеуге болады.
Сонымен қатар, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.
Есептелген салық сомаларын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының "Электронды сервистер" - "ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина