- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 19 күн қалды:...
19 күн қалды: Полиция алматылықтарға ескерту жасады
Алматы полициясы шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына 19 күн қалғанын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Мұндай көліктерді мемлекеттік тіркеу 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап жүргізілуде. Осылайша, науқан басталғалы қалада барлығы 25 мың 570 көлік тіркелген. Сонымен қатар, заңдастыру талаптарына сәйкес келетін құжаттар мен өтініштерді тапсырған көлік иелері ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін көлік құралын тіркеу рәсімін аяқтауы қажет екенін естеріңізге саламыз", - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасы басшысының орынбасары полиция полковнигі Болатбек Баятанов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина