Синоптиктер 19 қаңтарда бірнеше өңірде тұман түсіп, жел соғатынын және көктайғақ болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі, шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.
Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ, кей уақытта тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!