- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 19 желтоқсанда ауа...
19 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 19 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында Моңғол антициклонының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз сақталады.
Батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова