- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "19 жасымда мұндай...
"19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты". Әнші Ayree ешкім білмейтін құпиясын бөлісті
Отандық жас әнші Ayree 18 жасында тұрмысқа шығып, өміріндегі ең қиын кезеңді сол кезде бастан өткергенін жеткізді. Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаз алғашқы махаббатына тұрмысқа шыққанын бірақ артынша ажырасып кеткенін, 9 айлық сәбиіне қауіпті диагноз қойылғанын жеткізді.
"18 жасымда тұрмысқа шықтым. Бір жыл ғана бірге тұрдық. Біздің ажырасуымызға үлкен нәрсе себеп болды. Мен кішкентай кезімнен ата-анамның сүйікті қызы, ата-апамның сүйікті немересі, аға-әпкелерімнің ең сүйікті жиені болдым. Кішкентайыңнан ханшайым сияқты махаббатқа қанып өстім. Бірақ мұндай жағдай мені сындырып жіберді. Күйеуім менің бірінші жігітім, алғашқы махаббатым еді. 18 жасымда тұрмысқа шықтым, 19 жасымда ұлымды босандым. Тез есейіп кеттім. Тұрмысқа шыққанда өмірім одан да керемет болады деп ойлаған менің бәрінен көңілім қалды", – дейді әнші.
© видеодан алынған кадр
Өнер иесі сұхбат барысында осы уақытқа дейін ешкім білмеген құпиясымен бөлісті.
"Мен ұлымды дүниеге әкелдім. Қазір Әлімхан 12 жаста. Күйеуіммен ажырасып кетуімнің басты себебі, мен ерекше баланы дүниеге әкелдім. 9 айлығында балалардағы церебералды паралич (ДЦП) деген диагноз қойылды. 19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты. Жас анаға күйеуінің қолдауы ауадай қажет", – дейді Ayree.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы