- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “19 жасымда қонақүйде...
“19 жасымда қонақүйде зорлады“. ПиДидди ісіне қатысты тағы бес арыз тіркелді
Дүйсенбі күні АҚШ-та рэпер және музыкалық продюсер ПиДиддиге (Шон Комбс) қарсы жаңа шағым федералды сотқа берілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нью-Йорк сотына құжаттарда аты-жөні көрсетілмеген үш ер адам және екі әйелдің атынан бес шағым тіркелгенін жазды NBCnews.
Сотта сипатталған оқиғаларда 1995-2021 жылдар аралығын қамтитын жыныстық зорлық-зомбылық деректері сипатталған.
Олардың бірі – 2004 жылы 19 жастағы студент болған әйел. Оның айтуынша, Комбс оны Манхэттендегі қонақүй бөлмесінде зорлаған.
"Сотқа жіберілген оқиғалардың барлығы Нью-Йоркте немесе Хэмптонда болған. Дүйсенбі ұсынылған істердің бірі Комбс өзінің Хэмптондағы жылжымайтын мүлкінде өткізген кеште орын алған оқиғаға қатысты", – делінген хабарламада.
Сотқа арызды Техастағы адвокат Тони Базби ұсынған. Еске салайық, ол бұған дейін де рэпердің құрбандарының мүддесін қорғайтынын мәлімдеген болатын.
"Біз тек сенімді және заңды деп санайтын істерді сотқа жібереміз", – деді ол телеарнаға берген сұхбатында.
Арыз берушілер Комбс пен оның компаниясынан өтемақы талап етіп отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары түсініктеме алу үшін музыканттың заңгерлеріне хабарласқан. ПиДиддидің адвокаттары барлық айыпты жоққа шығарып, оларды "жиіркенішті жала" деп бағалады. Ал арыз берушілер "тез ақша табуға" тырысып жатқан адамдар екенін алға тартады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева