- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 19 жастағы ресейлік...
19 жастағы ресейлік Ақтөбеде құжатсыз, ақшасыз жүр
19 жастағы мәскеулік Александр Смирнов Ақтөбеде құжатсыз, ақшасыз жүр, - деп хабарлайды Aktobetimes.kz.
Басылым мәліметінше, 23 қазаннан бастап ресейлік ұрыларды тауып, ресейлік төлқұжаты мен үш мың доллары бар әмиянын қайтарып алғысы келіп жүр. Алайда ұрлық жасады деген күдікке ілінген еркек пен әйелді полицейлер әлі таба алмаған.
"Қазақстанға 26 қыркүйекте келдім, қазір жатақханада тұрамын. Достарым Грузияға қонаққа шақырды. 3 қазанда Ақтөбеден Тбилисиге 23 қазанға билет сатып алдым. 23 қазанда кешке хостелден шығып, Әбілқайыр хан даңғылындағы "Электрон" аялдамасына бардым. Арқамда сөмке болды, ал қолымда супермаркеттен алынған ақ қап болды. Қапта бірнеше зат, жолға тамақ және белдік сөмке болды. Белдік сөмкеде ішкі және шетелдік төлқұжаттар, ақшасы бар әмиян, жергілікті тіркеу, банк карталары және басқа құжаттар болды. Сағат 19:50 шамасында аялдамадағы орындыққа отырдым да, әуежайға автобус күттім. Сөмке мен жеке заттар салынған қапты сол жағыма қойдым. Бір-екі минуттан кейін аялдамаға 50 жастағы ер адам келді. Ер адам қатты жүрді, олардың қолында сөмкелер болды. Ер адам заттарымның сол жағына, ал әйел оң жағыма отырды. Мен телефонға қарап, қажет автобустың кестесін іздеп отырдым. Сағат 20:05-те таксиге тапсырыс беруді шештім де, орнымнан тұрдым. Осы кезде заттарым бар қабым жоғын білдім. Мен сөмкемді тағып, оны іздей, адамдардан сұрай бастадым. Аялдамада камераның бар екені туралы хабарландыруды көрдім және полицияға қоңырау шалдым", - деді ол сол күнгі оқиғалар туралы.
23 қазанда Александр Грузияға ұшып кете алмаған. Ол ұрлық жасалғаны туралы арыз жазған, құжаттарын қайтаруды сұрап жергілікті әлеуметтік желілерге де жүгінген. Жігіт аялдаманың айналасын қарап шыққан. Жақын жерде бейнекамерасы бар супермаркет бар, сондай-ақ, жарық бағанынан камера аялдамаға қарайды, аялдамаға жақын дүкендерде де бейнекамералар бар. Алайда, полиция болмаса, жазбаларды қарауға рұқсат берілмейді.
Кейінірек ұрылардың суреттері табылған. Аялдамаға дейін ерлі-зайыпты супермаркеттен азық-түлік сатып алған. Алайда күдіктілер әлі табылмаған. Жақында шетелдіктің соңғы ақшасы таусылуы мүмкін.
"Мен көші-қон қызметіне жүгіндім. Құжаттарым жоғалуына байланысты маған анықтама берілетінін түсіндірді. Сол арқылы Мәскеуге оралып, құжаттарымды қалпына келтіре аламын, бірақ мен жақын арада Ресейге оралғым келмейді", - деді жігіт.
"Олар ұрланған құжаттарымды бір жерге лақтырып кетсе, Пацаев көшесі, 48 мекенжайындағы жатақханаға қайтаруларыңызды сұраймын", - деді Александр.
@massaget.kz #ресей#мобилизация2022#қазақстан#рек#хочуврек#казахстан#россия#азаматтық#гражданство ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова