19 жастағы жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырғандар анықталды

Астана полициясы 19 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған соң қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Оқиғаға қатысушылар анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық уәжі мен мәлімдемесі мұқият тексеріледі", – деп хабарлады полиция.

Бұл іс Астана полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Еске салайық, әлеуметтік желіде төрт адам 19 жастағы жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады.

Бұл жайлы қаза тапқан жігіттің анасы айтты. Оның сөзінше, төрт адам ұлын қинап өлтіріп, жоғары қабаттан лақтырып жіберген.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!