- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол ережесі
19 жастағы жігіт өзін полицейлер қуғанда жол ережесін 18 рет бұзды
Таразда патрульдік полицейлер жол ережесін елемеген жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер мемлекеттік нөмірі тағылмаған ВАЗ-2114 автокөлікті Жамбыл даңғылы бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, екі жолақты сызықты кесіп өткені үшін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, бірнеше көшеде бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп, жол ережелерін бұзған.
Полиция қызметкерлері құқықбұзушының жүргізу куәлігінің жоқ екенін анықтады.
19 жастағы ер адамға ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің түрлі баптары бойынша 18 хаттама толтырылды.
Сондай-ақ мамандандырылған сот шешімімен ол 3 тәулікке қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан