+19 градус, кей аймақта жаңбыр: бейсенбіде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" бейсенбі, 29 қазанға арналған қалалар бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның солтүстігінде екпінді жел соғады, шығысы мен орталығында таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Елдің оңтүстігінде жауын-шашын болжанады, ал батысында ауа райы салыстырмалы түрде жылы әрі құрғақ болады деп хабарлайды Massaget.kz.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана

Түнде
−2…−4°
Күндіз
+9…+11°

Айнымалы бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 9-14 метр.

Алматы

Түнде
+1…+3°
Күндіз
+11…+13°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.

Қызылорда

Түнде
+1…+3°
Күндіз
+15…+17°

Аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр.

Талдықорған

Түнде
−1…−3°
Күндіз
+9…+11°

Айнымалы бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр.

Ақтау

Түнде
+7…+9°
Күндіз
+17…+19°

Ашық, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр.

Ақтөбе

Түнде
−4…−6°
Күндіз
+16…+18°

Ашық, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.

Атырау

Түнде
+1…+3°
Күндіз
+17…+19°

Ашық, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.

Орал

Түнде
−1…−3°
Күндіз
+14…+16°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.

Қарағанды

Түнде
−2…−4°
Күндіз
+7…+9°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 метр.

Жезқазған

Түнде
−1…−3°
Күндіз
+13…+15°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр.

Көкшетау

Түнде
0…+2°
Күндіз
+6…+8°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Қостанай

Түнде
−2…−4°
Күндіз
+10…+12°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр.

Петропавл

Түнде
−1…−3°
Күндіз
+7…+9°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

Павлодар

Түнде
0…+2°
Күндіз
+7…+9°

Айнымалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр.

Семей

Түнде
−3…−5°
Күндіз
+7…+9°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4-9 метр.

Өскемен

Түнде
−4…−6°
Күндіз
+6…+8°

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 4-9 метр.