Мамандардың хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанныңоңтүстік-шығыс,батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады. Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріндетұман түсіп, жел күшейеді, екпіні15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріндебұрқасынболады. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарындатұман,желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, - деп ескертті метеорологтар. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының кей жерлеріндетұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып,жел күшейеді, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Дереккөз:tengrinews.kz