- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 19 ақпанға арналған...
19 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Мамандардың хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.
"Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді", - деп ескертті метеорологтар.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді, екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Дереккөз: tengrinews.kz
Г. Берік