1894 жылы шығарылған Benz Victoria №99 деп аталатын әлемдегі алғашқы автокөліктердің бірі Германияның TUV техникалық байқауынан өтті.
Аталмыш байқаудың талаптары әлемдегі ең қатал көлік сынағының бірі болып саналады. Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, көлік бірқатар шектеуге қарамастан жалпыға ортақ жолдармен жүруге рұқсат алған.
Автокөлік тексеруге өзі жүріп келген. Тексеру барысында, бірде-бір ақау табылмаған. Ескі көлік өзі тұратын Айнбек қаласындағы мұражайға қайтқан. Benz Victoria №99 бұған дейін де күнделікті пайдалануға рұқсат алған, бірақ мұражай қызметкерлері оны жүргізбейтіні анық.
Төрт дөңгелекті фаэтон 6 ат күші бар 3 литрлі, бір цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Автокөлік сағатына 27 км жылдамдықпен жүре алғандықтан, оның автобанға шығуына тыйым салынған. Фар, электр шамдарының орнына кәдімгі от қолданылады, бұрылу үшін арнайы жалауша көтереді. Сондықтан түнде жүру мүмкін емес.
Benz Victoria № 99 — іштен жанатын мотормен жүретін алғашқы машина Benz Patent-Motorwagen-нің ізбасары. Мұражай қызметкерлері оны тұрақты түрде есепте тұрған әрі жолда жүруге ресми рұқсаты бар әлемдегі ең көне көлік деп санайды. Мамандар машина жағдайын мұқият қадағалап отыр, демек қазіргі техбайқау мерзімі біткен соң Benz Victoria № 99 келесі тексерістен де еш қиындықсыз өтетін шығар.