Жетісу облысында лауазымын асыра пайдаланған шенеунік сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір прокуратурасы мәліметінше, Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған.
Осылайша бюджет есебінен 189 млн теңгеден аса сома заңсыз аударылған.
Мемлекеттік айыптау лауазымды тұлғаның кінәсін толық дәлелдеген. Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары мүлкін тәркілемей, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!