Астанада ЖШС директоры мен орынбасарына 9 миллион теңге пара алғаны үшін қомақты айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында "Астана-Зеленстрой" ЖШС бас директоры А.Наурызәлі "Табиғат-Сервис НС" ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталған.
3 наурызында сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы - 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы - 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!